412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда COVID-19 жұқтырған екі ана өмірге дені сау сәби әкелді

  • 147
  • UPD: 19:52, 13.05.2020
Атырауда COVID-19 жұқтырған екі ана өмірге дені сау сәби әкелді

Атырауда COVID-19 жұқтырған екі ана аман-есен босанып, өмірге дені сау сәби әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан олар сол емдеу мекемесінде босанды. Карантин кезінде өмірге келген ұл мен қыздың жағдайы жақсы. Шақалақтар әзірге аналарынан бөлек күтімде болады. Екі келіншек босанар сәтте жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне перинаталдық орталықтың акушер мамандары көмекке келді. Қазір 2 ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Олар әзір дәрігерлердің бақылауында болады.

Аслан Жеңісұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Салмағы 3 келі 620 грамм, бойы 53 см болып туған қыз баланы 29 жастағы әйел кесар тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ал, 24 жастағы әйел өздігімен салмағы 4 келі 270 грамм, 56 см болатын ұл баланы босанды. Жаңа туған нәрестелерден COVID-19-ға талдау алынды. Оның нәтижесі бүгін шығады деп күтілуде. Босанған аналар жұқпалы аурулар бөлімшесінде хаттамаға сәйкес, емдерін жалғастыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы