420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асқар Мамин: Smart City стандарты әр қалада енгізілуі тиіс

  • 389
  • UPD: 20:38, 13.05.2020
Асқар Мамин: Smart City стандарты әр қалада енгізілуі тиіс

Еліміздің тыныс-тіршілігін қамтитын барлық саланы цифрландыру үшін әр өңірде «ақылды» қалалар стандарты енгізілуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, қызметтің барлық түрі электронды Үкімет порталы арқылы оңтайланады. Премьер-министр Асқар Мамин цифрландыру мәселесіне арналған жиында осыған баса мән берді. Мемлекеттік және жекеменшік сектордың өзара ықпалдастығын қамту үшін жыл басынан Smart Bridge жобасы қолға алынған еді. Бүгінде ақпараттық платформалардың өзара интеграциясының 27 бастамасы сәтімен іске асты. Шілде айына дейін оның санын 63-ке жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар жер қоры және жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтер базасын құру жоспарда бар. Үкімет басшысы мемлекеттік қызметтің барлығын қыркүйек айына дейін онлайн режимге көшіруді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы