423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да карантин мерзімі маусымның басына дейін ұзартылды

  • 345
  • UPD: 20:45, 13.05.2020
ШҚО-да карантин мерзімі маусымның басына дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстанда карантин мерзімі маусымның басына дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші өзге аймақтармен салыстырғанда төмен болса да, осындай шешім қабылданды. Семей қаласынан басқа аудандар жұмыс режиміне кезең-кезеңмен көшеді. Бірақ қалаға кіріп-шығуға қойылған шектеу әзір алынбайды. Өскеменде қазір шаштараз, сұлулық салоны сынды біршама нысандар жұмысын бастады. Бір аптадан соң тұрмыстық техникаларды сату және жөндеу орындары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Тұрғындар бұрынғыдай тақ және жұп сандар тәртібімен және көліктер арнайы рұқсат қағазы бойынша қатынайды.

Гүлайым Тағаева, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Карантин Семей қаласында күшейтілді, тиімді шаралар қолданылды. Аталмыш қаулыға сәйкес Семей қаласынан өзге басқа өңірлерде 12 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден аспайтын азық түлік емес сауда орындары, көтерме бөлшек сауда орындары, гүл нысандары, шаштараздар мен сұлулық салондары  жұмысқа кірісті.

Хабар 24 телеарнасы