431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтаарал ауданында 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды

  • 304
  • UPD: 21:28, 13.05.2020
Мақтаарал ауданында 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды

Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендерден 6,2 млн текше метр су сорылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы ұзындығы 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды. Оған 87 мыңнан астам құм толы қап төселіп, 3 су бұру коллекторы орнатылды. Өргебаста көлік жолдары ашылды, Фирдоуси ауылында бір тәулікте 10-нан астам ауладан су сорылды. Жеңіс, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері су басқан үйлерді батпақтан тазалап жатыр. Психологтар арт-терапия әдісін қолдана отырып, зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Жантақсай ауылдарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 4 блокпост қойылды.

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖ басшысы:

- Қазіргі таңда Өргебас, Фирдоуси, Жеңіс елді мекендерінде ТЖ жоюға жұмылдырылған күш құралдарын бөліп, ары қарай жедел құтқару жұмыстары, сондай-ақ аулалар мен үйлерді су басқан аумақтардан су сору жұмыстарына нақты тапсырма берілді. Кешегі күнмен салыстырғанда «Қазсушар» мекемесі берген ақпаратына сай елді мекенерде су деңгейі 8-20 см төмендеуі байқалуда.

Хабар 24 телеарнасы