419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 20 тонна қырыққабат тегін таратылды

  • 474
  • UPD: 21:33, 13.05.2020
Шымкентте 20 тонна қырыққабат тегін таратылды

Бүгін Шымкентте 20 тонна қырыққабат тегін таратылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасиетті Рамазан айында Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына, оның ішіне әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға шағын тарту жасады. «Біздің мақсатымыз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау», - дейді шаруалар. Ерте пісетін бақша өніміне қол жеткізген Шымкент тұрғындары сауапты іске ұйытқы болған азаматтарға айрықша алғыстарын айтты.

Зульфия Лесбайқызы, қала тұрғыны:

Қырыққабат таратып жатыр екен. Өтіп бара жатып шақырған соң бір-біреуден алып қайтып жатырмыз. Рахмет жігіттер, Рамазан айында осындай қайрымдылық жасап, халыққа тегін таратып жатыр. Бір газель босапты, мына КАМАЗ босап жатыр. Рахмет, мың жасаңдар, жігіттер!

Хабар 24 телеарнасы