429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады – ҚР ИИДМ

  • 349
  • UPD: 22:36, 13.05.2020
Елімізде бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады – ҚР ИИДМ

2020 жылғы 13 мамырда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Жолаушылар пойыздары халықтың сұранысын ескере отырып, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асырыла бастайды.

Атап айтқанда, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады, оның ішінде: - Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл Ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;

- Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Урлальск, Петропавл;

- Қызылорда – Семей;

- Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;

- Қарағанды – Жезқазған;

- Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары бағыттары бойынша.

Жол жүру билеттерін сату 2020 жылғы 15 мамырдан басталады.

Жолаушыларды және пойыз бригадасын барынша қорғау үшін тасымалдау Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ келесі шараларды сақтай отырып жүзеге асырылатын болады:

1) дене температурасын өлшей отырып, пойыз бригадалары қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеру;

2) жолсеріктердің және жолаушылардың жол жүру жолында міндетті түрде бетперделермен болуы;

3) отырғызу және түсіру кезінде қашықтықты сақтау;

4) жүру жолында вагондардың ішінде ылғалды тазалау жүргізу мерзімділігін арттыру және қалыптастыру пункттерінде дезинфекциялау;

5) жолаушылардың пойыз құрамы вагондарының арасында жүруіне және объективті себептерсіз купеден шығуына тыйым салу.

Хабар 24 телеарнасы