428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық 180 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдыруда заңсыз әрекет жасағаны үшін сотталды

  • 263
  • UPD: 10:15, 14.05.2020
Қарағандылық 180 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдыруда заңсыз әрекет жасағаны үшін сотталды Baribar.kz

Қарағанды қаласының тұрғыны 180 млн теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша заңсыз әрекет жасауға көмектескені үшін сотталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономика тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактураны жалпы сомасы 189,4 млн теңгеге жазып шығару бойынша қылмыстық істі жасауға жәрдемдесу әрекетінің жолын кесті.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне көмектескені үшін Қарағанды қаласының тұрғынына 18 млн теңге ақшалай сыйақы уәде берілген.

Одан басқа, өзара есеп айырысу және тиісті салық декларацияларын тапсыру кезіндегеі бюджетке қосымша есептеліп, төленетін жалпы салық сомасы 54,1 млн теңгені құрады.

Қазыбек би аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғаға пробациялық бақылау орната отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы