419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда ХҚКО жаңа тәртіпте жұмыс істейді

  • 603
  • UPD: 12:51, 14.05.2020

Павлодарда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында 18  eGov  бұрышы  құрылған. Ал мемлекеттік қызметтерді үйде отырып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтар  кітапхана, пошта және цифрлық қызмет орталықтарының көмегіне жүгінеді. Ал бірінші, екінші және үшінші топ мүгедектері Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарын үйлеріне шақырта алады.

Қарлығаш Қасиетова, тілші

– Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеп жатқанына бүгін міне, үшінші күн. Келушілер қатары өте көп. Олардың көпшілігі  жаңа жұмыс тәртібімен   танысып үлгермеген сыңайлы. Бекітілген ережеге сәйкес, азаматтар  «1414» нөмірі бойынша немесе «eGov» порталы арқылы  кезекке тұруы шарт. Алдын ала тіркелмеген адамдарға қызмет көрсетілмейді. Бір адамды қабылдауға жарты сағат кетеді. Орталық  бір күнде мыңнан астам адамға  қызмет көрсетіп үлгеруі тиіс.  Ертіс өңірінде коронавирус инфециясының таралу  қаупі әлі сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шаралары бірінші орында тұр. Орталыққа келушілер   маска киіп, ара қашықтықты сақтауы  тиіс. Зарарсыздандыру  заттарымен қамтамасыз етіліп, адамдардың бір-бірінен оқшау отыруы талап етіледі. Павлодардағы мамандандырылған Халыққа Қызмет көрсету орталығы да дәл осындай режимде  жұмыс істеп тұр. Барлық санитарлық –эпидемиологиялық талаптар  сақталған. Екі күнде 478 көлік құралы тіркеліп,  150  жүргізуші куәлігі беріліпті. Тағы бір айта кететін жайт, мерзімі өткен жүргізуші және  жеке бас куәлігімен  шілде айының 10-на дейін жүруге болады. Ол үшін  адамдарға ешқандай айыппұл салынбайды. Егер құжаттың пайдалану мерзімі өтпеген болса, онлайн режимінде eGov порталы арқылы  жаңартуға болады.  Әрине мұның бәрі халықтың  денсаулығын сақтауға байланысты жасалып жатқан шаралар. Карантиндік шектеулер  тек облыс орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында енгізілген. Екібастұз, Ақсу қалаларымен аудан орталықтарында қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы