405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 маусымға дейін созылды

  • 173
  • UPD: 14:12, 14.05.2020
Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 маусымға дейін созылды

Аймақтың бас санитар  дәрігері осындай қаулы шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені  өңірде  коронавирус індетінің таралуы әлі де қауіпті деңгейде. Әсіресе Семейде  соңғы бірнеше тәулікте  инфекцияны жұқтырғандар күрт көбейіп кетті. Ал шаһардағы балабақша мен  қосымша білім беретін мекемелердің жұмысы әзірге басталмайды. Дегенмен қалалық білім  бөлімі, егер  эпидимологиялық жағдай оңалса, кезекшілік топтар ашылады. Қазір Семей қаласы бойынша 10 мыңнан аса бүлдіршін балабақшаға барады.

Гүлнәр Оразбекова, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Кезек топтарын қарастыру және басқа да жұмыстарды  ары қарай жалғастыру үшін қалалық білім бөлімінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Болашақта енди біз бір шешімге келген кейін ол туралы да, өз шешімізді айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы