412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында орман өртімен күресте тың әдіс қолданылады

  • 126
  • UPD: 14:28, 14.05.2020
Қостанай облысында орман өртімен күресте тың әдіс қолданылады

Биыл Қостанай облысының орман алқаптары бейнебақылау жүйелерімен  жабдықталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше камералар өрт ошағын қашықтан бар-жоғы 10 минут ішінде анықтай алады. Осындай бір құрылғы 20 шақырым радиустағы аумақты назарда ұстайды. Тың жүйе жақын арада пилоттық негізде Арақарағай орман мекемесінде орнатылады. Жалпы, жыл басынан бері өңірде екі орман өрті тіркелді. Ал былтыр осы кезеңде тілсіз жау жасыл желектерді 18 рет шарпыған. Мамандар бұл жағымды статистиканы карантин режимімен байланыстырады. Себебі тұрғындарға табиғат аясында орман ішінде  демалуға тыйым салынған. 

Саят Жүсіпбеков, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

– Камералар бірыңғай жүйеге қосылады. Төрт оператор облыстың барлық орман қорындағы жағдайды алақандай бақылап отырады. Қазір бюджетке тапсырыс жолдаймыз. Бір бейнебақылау құрылғысының құны 3 миллион теңге. Болашақта біз азып-тозған орман мұнараларынан құтылып, оларды камерамен алмастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы