Зейнетақы жарналары мөлшерін 10% -тен 5%-ке дейін төмендету керек. Бүгін «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясы Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарына бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Отырыста әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға белгілеу тетігі бойынша нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылды. Сонымен қатар, «5-10-20» пилоттық жобасын заңмен бекіту жоспарланып отыр. Депутаттар туристік қызметті заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, жастарды жұмыспен қамтуға, эпидемиологтарды, инфекциялық аурулар бойынша мамандарды және вирусологтарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыруға айрықша назар аударды.