412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» бизнесті қолдауды күшейтеді

  • 154
  • UPD: 15:18, 14.05.2020
«Самұрық-Қазына» бизнесті қолдауды күшейтеді

«Самұрық-Қазына» қоры сұранысқа ие, бірақ елімізде өндірілмейтін тауарлар тізімін жасақтауды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге бұл тізімге 1200-ден астам өнім енгізілді. Осылайша, қор отандық бизнесті қолдау арқылы экономиканы қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруға кірісті. Бүгін өткен брифингте «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов осылай деді. Айтуынша, бизнесті қолдау импортты алмастыру бағдарламасы және «оффтек-келісімшарт» механизмі арқылы жүзеге асады. Қазір қор машина құрастыру, химия және телекоммуникация салаларына қатысты 37 жобаны мақұлдады. Бұл жобалар бойынша инвестиция мөлшері 218 миллиард теңгеден асады. Осылайша елде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Әлішер Пірметов «Самұрық-қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Егер қазақстандық тауар өндірушілер немесе жеке кәсіпкерлер осы тауар өндірісін Қазақстанда ұйымдастырамыз десе, біз олармен ұзақ мерзімді офттек-контрактқа қол қоюға келісім білдіреміз. Оффтек-контракт арқылы олар  болашақта шығарылатын өнімнің ертең біздің компаниялар міндетті түрде сатып алуға көз жеткізген жағдайда бизнесін ашуға мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы