423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Біз біргеміз» акциясы карантин біткеннен кейін де жалғасады

  • 433
  • UPD: 20:06, 14.05.2020

Елордада карантин кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға 20 мыңнан аса азық-түлік себеті таратылды.

Төтенше жағдай режимі алынғанымен, «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Оған  ірі компания басшыларынан бастап шағын кәсіп иелеріне дейін жұмыла атсалысуда. Волонтерлер да аянып қалып жатқан жоқ. Олар карантин кезінде көп балалы отбасылар мен жалғызбасты қарттарға, мүгедек жандарға азық-түлік, ыстық тамақ, дәрі-дәрмек жеткізіп беріп отырды. Бұл жолы кәсіпкерлердің демеушілігімен 100-дей отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттар салынған жәшіктер үлестірілді.

Досбол Мәлікомар, кәсіпкер:

– «Біз біргеміз» аясындағы акцияға барлық достарымды, жолдастарымды, бауырларымды қатысуға шақырамын. Осы қиын-қыстау кезеңде біз бірге екенімізді білдіруіміз керек. Бір тудың астында екенімізді білдіруіміз керек. Әрдайым қолдауды аямай көрсетуіміз қажет.

Дәулет Кәрібек, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

– 16 наурыздан бастап 1300-ден астам волонтер қызмет атқаруда. Оның 500-ден астамы азық-тұлік таратуға жұмылдырылған болса, 200-дейі полицейлерге көмектесті. Одан бөлек дәрі-дәрмек таратуға да қол ұшын беріп жатыр. Карантин біткеннен кейін де оның салдарымен күресу үшін жұмыс жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы