420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖ режимінен кейін бос жұмыс орындарының саны артты

  • 224
  • UPD: 15:47, 14.05.2020
ТЖ режимінен кейін бос жұмыс орындарының саны артты

Карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстанда еңбек нарығының жандануына әкелді. Бүгінде Электронды еңбек биржасының базасында 125,4 мың бос жұмыс орны орналастырылған. Рrimeminister.kz елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі уақыттағы еңбек нарығына талдау жасады.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мәліметтері бойынша бос жұмыс орындарының санының күрт азаюы наурыз айында байқалған — 68,9 мыңнан 34,2 мыңға дейін төмендеген. Жұмыс іздеушілерден келіп түскен түйіндемелер саны да 29 мыңнан 20,1 мыңға дейін азайған. Алайда карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету және кәсіпорындардың жұмысқа кірісуі нарықты жандандырды, бүгінде Электронды еңбек биржасының базасында 75,7 мың түйіндеме орналастырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жұмыс орындарын құру мен жұмыссыз азаматтарды еңбекке орналастыруға ерекше көңіл бөледі. 11 мамырда өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Президент қаржыландырылатын жобалар есебінен жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын атап өтті. Мәселен, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыруға бюджеттен 1 трлн теңге бөлінген.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында әлеуметтік нысандарды, инженерлік-көлік инфрақұрылымын, суару және ирригациялық жүйелерді, ТКШ нысандарын жөндеу және салу, елді мекендерді абаттандыру бойынша 6,5 мыңнан аса инфрақұрылымдық жобалар қарастырылған. Соның арқасында 255 мың жұмыс орны құрылады.

Жалпы барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту көзделген, оның ішінде 235 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Хабар 24 телеарнасы