426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында нөсер жаңбырдың кесірінен 27 үй құлау алдында тұр

  • 312
  • UPD: 17:48, 14.05.2020
Түркістан облысында нөсер жаңбырдың кесірінен 27 үй құлау алдында тұр

Түркістан облысында нөсер жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан тасып, жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы штаб құрылды. Бүгін облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби, Қазығұрт аудандарындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралап көрді. Толассыз жауған нөсердің әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілген. Соңғы ақпарат бойынша, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 260 тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Барлығы қауіпсіз аумаққа көшірілген. 27 үйдің құлау қаупі бар. Жалпы Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында 522 үйдің ауласына су жайылып, 4 үйді су басқан. Қауіпті аумақтардан 258 адам эвакуацияланып, 1077 текше метр су шығарылған. Қазір сел жүрген барлық аудандарда құтқару, су сору, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қауіпсіз аймаққа көшірілген халықты қажетті заттар мен ыстық тамақпен қамту жұмыстары қолға алынған.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

– Бұрын-соңды болмаған 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Әлі жауып тұр, көріп тұрсыздар. Біз сіздермен бірге отырамыз осы жерде, кезекшілікте тұрамыз. Бастарыңыз аман, малдарыңыз аман, мүліктеріңдің бәрі орнында. Қалғанын қалпына келтіреміз.

Хабар 24 телеарнасы