423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 20-25 күнде егіліп бітеді

  • 320
  • UPD: 17:23, 14.05.2020
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 20-25 күнде егіліп бітеді primeminister.kz

Егіс жұмыстарына жиыны 32 мың техника жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ 68 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминнің облыстағы жұмыс сапары барысында айтылды. Жалпы өңірдегі жаздық егіс аумағы 5 млн гектарға жуықтайды. Оның дені – дәнді дақыл. Үкімет басшысы Сандықтау және Ақкөл аудандары алқаптарындағы егіс жұмыстарымен танысты.

Владимир Елисеев, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары:

– Барлық егіс кешені жұмыс істеп жатыр. Ауданнан егістік жұмыстарына 560 бірлік техника, 182 адам жұмылдырылды. Барлығы да сапалы ұрықпен қамтылды. Жанар-жағармай да жеткілікті. 11 мамырдан бері дақылдардың 12 проценті егілді. Ауа райы да қолайлы болып тұр. Сондықтан жұмысты уақытында аяқтаймыз.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылуын бақылау аясында премьер-министр бірқатар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарын аралап көрді. Айта кетейік, бүгінде өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер елорда тұрғындарын ет және сүт өнімдері, сондай-ақ жұмыртқамен қамтып отыр.

Александр Закусилов, кәсіпорын басшысы:

– Әлеуметтік салаға зор көңіл бөліп жатырмыз. Кәсіпорын қызметкерлеріне тұрғын үй салынды. Жаңа үйде мұғалімдер мен дәрігерлер, тәртіп сақшылары да тұрып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы