418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалааралық автобустар қашаннан бастап жүреді

  • 254
  • UPD: 17:52, 14.05.2020
Қалааралық автобустар қашаннан бастап жүреді

Қалааралық автобустардың жүруі санитарлық-эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты болады.

«1 мамырдан бастап әуе қатынасы ашыла бастады. Енді, міне, 1 маусымнан бастап теміржол қатынастары ашылады. Қалалар арасында қатынайтын автобустардың жүруіне рұқсат берілмеудің себебі, әуе көлігінде жолаушылардың денсаулығын қадағалайтын бортсеріктер болса, теміржол көлігіндегі вагондарда жолсеріктер бар. Сол себептен қалааралық автобустар әзірге жүрмейді. Елдегі эпидемиялық жағдай тұрақталса, автобус қатынастары да ашылады», - деді Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаева брифингте.

Жеке көліктердің қалааралық қозғалысына да елдегі эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты рұқсат етілетінін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы