434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Талдықорған коронавирустан таза қалалардың тізімінен шықты

  • 1216
  • UPD: 19:54, 14.05.2020
Талдықорған коронавирустан таза қалалардың тізімінен шықты

Бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізген өңірдің бас эпидемиологы бір адамның індетті жұқтырғанын растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшысы болып еңбек ететін науқас Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Онымен қарым-қатынаста 157 адам болған. Олардың барлығы тексерістен өткізілді. Етене жақын араласқан 11 туысы мен қызметтесі карантинге алынды. Қалғаны үй жағдайында бақылауда. Жалпы облыста бір күнде 7 адамнан ауру белгілері анықталды. Соның алтауы Кеген ауданында, біреуі Талдықорғанда тіркеліп отыр.

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысы:

– Бір жағдайға бола Талдықорғанды карантинге жаппаймыз. Егер эпидемиологиялық жағдай өршіп жатса, онда карантинге баруға тура келеді. Тұрақты болса, 18-інде келесі кезеңмен межведмствоның комиссияның шешімімен базарларды ашамыз. Содан кейін 30 адамға дейін ашық түрдегі дәмханаларды. Кейін балабақшалар мен мешіт, шіркеулер ашылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы