418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифі 11 маусымға дейін жарамды

  • 232
  • UPD: 21:06, 14.05.2020

Бас қалада қоғамдық көлік қызметі жанданған бірінші күні автобуспен 147 мыңға жуық адам, кеше 205 мың жолаушы жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қоғамдық көліктер тек қала ішінде қатынайды. Шаһар маңындағы елді мекен, аудандарға әзірге барып жатқан жоқ. Жүргізушілерге қойылатын талап – автобус жүктемесін 50 проценттен асырмай, санитарлық талаптарды сақтау.

БЛИЦ:

– Адамдар қазір орны-орнымен отырады. Артық, түрегеп тұрмайды. Тазалық сақталуда.

Қалада тіршілік жандана бастады деген осы. Қазір шаһар ішінде 530 автобус жүр.

Сақтық шарасын сақтау дегеніміз тек маска тағып, антисептик себу емес. Жолақысын картамен төлеу де осы қорғану амалдарына жатады.

Бекмырза Игенбердинов, CTS компаниясының басқарма төрағасы:

– Бүгінде жүргізуші мен жолаушы арасында байланыс жоқ. Бұл аса маңызды. Вирус таралмайды. Жүктемені өзге де талаптардың сақталуын жүргізуші бақылап отыру үшін адамдар автобустың алдынғы есігінен кіріп, ортаңғы және артқы есіктерінен шығады.

Карантин кезінде сатып алынған айлық жол жүру тарифі 11 маусымға дейін жарамды. Атап өтейік, наурыздың 28-інен бастап қосымша тариф енгізілді. Осының нәтижесінде бас қаладағы автобустарда 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы болған жағдайда тегін жүре алады.

Қорған Төреқожа, Нұрғали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы