412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар құрғақшылықтан қауіптеніп отыр

  • 153
  • UPD: 21:22, 14.05.2020
Атыраулықтар құрғақшылықтан қауіптеніп отыр

Еліміздің оңтүстік өңірі тасыған судан қатты зардап шексе, Атырау жұрты құрғақшылықтан қауіптенеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Жайық өзені тасымай қалуы мүмкін. Бастауын Ресейден алатын өзен – облыстағы жалғыз су көзі. Терістіктегі көрші мемлекет Қазақстанға берілетін су көлемін күрт азайтып жіберген. Трансшекаралық су көздерін пайдалану келісімшарты бойынша сәуір айының басында Ресейдегі су қоймасынан тәулігіне 500 текше метр су берілуы тиіс еді. Алайда ол келісім орындалған жоқ. Салдарынан жүздеген шаруашылық пен тірлігі Жайық өзеніне тәуелді мекемелер судан таршылық көруде. Құрғақшылық соңғы 3 жыл бойы жалғасып келеді. Жайық өзені жылына 25 млн текше метр су бере алады.  Бұл мал басы жыл санап өсіп, егістік көлемі ұлғайып келе жатқан Атырау шаруалары үшін жеткіліксіз.

Теңелсін Құбай, шаруа қожалығының жетекшісі:

– «Сыбаға» бағдарламасымен сиыр, жылқы малын алып едік. Соларға су тауып бере алмай отырмыз. Жақсы жайылымдық жерлерде құдықтар ащы, каналдарда су жоқ. 1 көлік су 5 мың теңге тұрады. Оның жанар-жағармайы бар, жайылымға жеткізгенше қымбатқа шығып жатыр.

Асхат Ержанов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

– Қазіргі Жайық өзеніне жеткен су – көршілес Батыс Қазақстан облысындағы еріген қар суы. Ол өте аз, өзен тасымай қалды. Біз Ресейден үлкен су күткенбіз. Өкінішке орай, олар әзір мардымды жауап бермей отыр.

Хабар 24 телеарнасы