425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда нөсер салдарынан 21 ауланы су басып, ағаштар құлады

  • 335
  • UPD: 10:24, 15.05.2020
Алматыда нөсер салдарынан 21 ауланы су басып, ағаштар құлады

Алматыда 15 мамырға қараған түні айлық жауын-шашын мөлшерінің төрттен бірі жауды.

Жауын салдарынан 21 су басу жағдайы тіркеліп, 19 ағаштың құлағаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Таңертеңгі сағат 8:00-дегі мәліметтер бойынша мегаполисте сегіз ағаш тұраққа қойылған көліктерге, 11 ағаш жол бойына құлады.

Нөсер жауын салдарын жоюға 131 қызметкер, 39 техника және тоғыз мотор сорғы жұмылдырылды.

Қалалық ТЖД айтуынша, 14 мамырда ауа-райына байланысты ескерту жасалғаннан кейін құтқару қызметтері дайын тұрған.

«Жеке меншік 15 тұрғын үйді су басу қаупі жойылды, су олардың ауласына кірген. 4 жолды су шайған және 2 көпқабатты үйдің жертөлесіне су кірген», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы