432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кеше түнде жауын-шашынның бір айлық мөлшерінің төрттен бірі түскен

  • 435
  • UPD: 13:20, 15.05.2020

Алматыда 14-інен 15-іне қараған түні жауын-шашынның бір айлық мөлшерінің төрттен бірі түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нөсер жаңбырдан бірқатар жеке үйлердің аулаларын су басып, ағаштар құлаған. Қаладағы жағдай туралы арна тілшісі Гүлжан Көленқызы тікелей эфирде айтып береді.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Ия, кешегі түн алматылықтар үшін қарбаласқа толы болды. Нөсер жауыннан қалада 21 су басу жағдайы тіркелді. Арық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен 15 жеке үйдің ауласына су кірген. Сондай ақ төрт көшеге су жайылып, екі көп қабатты үйдің жертөлесіне су кірген. Мамандар «мұның бәрі арықтың тұрмыстық қалдықтарға толып, суды өткізбеуінен болды» деп отыр. Сондай-ақ қалада кеше түнде 11 ағаш құлаған. Оның 8-і автокөлікті басып қалған. Қалғаны көшеге құлаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Жалпы кеше Алматының Алатау, Жетісу Наурызбай аудандарында 840 текше метр су сорылып, 260 құм толтырылған мешок тасталған. Нөсер жуынның салдарын жою үшін арнайы қызметтің 131 маманы жұмылдырылып, 39 техника мен 9 су сорғыш помпа қолданылды. Қазір қаладағы жағдай тұрақталды. Алайда, ауа райын болжаушылар алдағы күндер де жаңбырлы деп болады деп отыр. Сондықтан төтенше жағдай қызметі тұрғындарға электр бағандары мен ағаштардан алыс жүруді ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы