432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде әскери қызметкерлер арасында індет ошағы анықталды

  • 325
  • UPD: 14:56, 15.05.2020
Ақтөбеде әскери қызметкерлер арасында індет ошағы анықталды

Ақтөбе облысы бойынша соңғы тәулікте 29 дерек тіркелді. Олардың көбі экспресс тест кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде полиция, әскерилер мен медицина қызметкерлері экспресс тест тапсырған кезде тағы бір ауру ошағы анықталды. Соңғы тәулікте індет жұқтырған 29 адамның екеуі бұрын карантинге жабылып, қайта ашуға дайындалған көп қабатты үйдің тұрғыны. Ал жеті адам Теңіз кенішінен келген жұмысшы.

«Инфекциямен күрес жұмыстарына жұмылдырылған адамдарды скринингтен өткізіп жатқанымыз белгілі. Соңғы деректер бойынша 20 адамның бір жерде болғаны анықталды. Әскери қызметкерлердің ешқайсысы үйлеріне бармаған. Оқшауланған ошақтағы адамдар инфекциялық госпитальге жеткізілді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында барлығы 213 адамнан індет анықталған болса, оның 62-і емделді. Ауруханада жатқан 151 адамның біреуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Ем алып жатқандардың 11-і бала.

Хабар 24 телеарнасы