424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 1 жастағы сәби коронавирустан жазылып шықты

  • 524
  • UPD: 23:11, 15.05.2020
Алматы облысында 1 жастағы сәби коронавирустан жазылып шықты

Алматы облысында 1 жастағы сәби коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Алматы қаласында қауіпті кесел жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанып, бүгін перзентханадан шықты.

12 сәуір күні толғақ қысып, жедел жәрдем шақырған болашақ анадан қауіпті вирус анықталған. 17сәуір күні ол осы аурухананың перзентхана үйінде дүниеге дені сау қыз бала әкелді. Абырой болғанда, жаңа туған сәбиде коронавирус инфекциясы анықталмады.  

Жібек Жүсіпова, жас ана:

– Қатты жөтел болды, дем ала алмадым. Соның барлығы емдегеннен кейін қайтты. Баламның  анализі теріс дегеннен кейін қуандым. Бүгін бірінші рет көріп тұрмын.

12 сәуірден бері провизорлық орталыққа айналған №1 ауруханада коронавирус инфекциясы расталған 20-дан астам әйел босанған. Ал нәрестелердің ешқайсында қауіпті індет анықталмаған. 

 

Хабар 24 телеарнасы