420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орал – Алматы пойызы 2 маусымда жолға шығады

  • 290
  • UPD: 22:32, 15.05.2020
Орал – Алматы пойызы 2 маусымда жолға шығады

1 маусымнан бастап елімізде теміржол қозғалысы жандана бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, Орал бекетінен 8 жолаушы пойызы жүреді. Соның ішінде алғашқы боп қатынайтыны Алматы – Орал пойызы. №379-шы бағыттағы бірінші құрам 2 маусымда Алматыдан шығады, 5 маусымда Оралдан кері қайтады. Бүгіннен бастап теміржол бекетіндегі кассалар ашылды. База жүктелмегендіктен, билеттер сатылымға енді түседі. Ал Нұр-Сұлтан қаласымен теміржол байланысы мемлекеттік комисияның шешімінен кейін ашылады, дейді мамандар. Қазір теміржол бекетінде індетке қарсы шаралар барынша күшейтілген.

Сайлау Сүлейменов, қала тұрғыны:

– Коронавирустың беті қайтуына байланысты ірі қалаларға теміржол бағыты ашылады деп ақпарат естігем. Билет алайын деп келгем. Бірақ билет сатушы әзірге рұқсат берген жоқ, телефон соғып тұрыңыз деді. Келесі жұмада анықталатын болар.

Қайырболат Ғайнеден, Орал теміржол бекетінің басшысы:

– Астанаға әлі ашылған жоқ. Комиссия мемлекеттік отырысынан кейін ашылады ғой. Қауіпсіздіктің қазірі мына бас дәрігердің транспорттағы байланысты қарап отырамыз. Вокзалдың өзінде 11 жерде антисептик орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы