423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде «Нұрлы жер» аясында 48 тұрғын үй салынады

  • 512
  • UPD: 22:42, 15.05.2020

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл Өскеменде жалпы ауданы 400 мың шаршы метр болатын 48 тұрғын үй салу жоспарда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін сол құрылыс жұмыстарын премьер-министрі Асқар Маминнің өзі аралап көрді.

Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы өңірдегі ауылшаруашылық, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылым салаларында атқарылып жатқан жобалармен танысты.

Жұмыс сапары барысында Асқар Мамин Алтай ауданында көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатқан алқаптарды аралап шықты. Сондай-ақ  Тұрғысын су электр станциясының құрылысымен танысты. Бұған қоса Алтай қаласының ауданаралық ауруханасының инсульттік және кардио орталықтарын аралады. Ал Өскемен қаласында машина жасау және металлургия кәсіпорындарына Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты мен Өскемен титан-магний комбинатына барып, оларды одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Әсем Мамутова, Өскемен титан-магний комбинатының президенті:

– Өнімді алғаш рет 2015 жылы экспорттай бастаған едік. 5 жыл ішінде толық қуаттылықта жұмыс істеп, тұрақты тұтынушыларымызды таптық. Сондай-ақ 5 жыл ішінде құймаларды механикалық жолмен өңдеу әдісіне көштік. Біз қара металлды өңдеу бөлімдерін құрдық. Осылайша қазір компания металлдың кез келген түрін өңдеп, қайта қолданысқа жібере алатындай жағдайға жетті.

Ержан Әшімов, Өскемен өндірістік арматура шығаратын зауыттың бас директоры:

– Біз бүгінде қажетті құрылғының мыңнан астам түрін жасаймыз. Әрине, әзірге тауарымыздың басым бөлігі отандық нарықтың сұранысын қанағаттандырып отыр. 2018 жылдан бері тауарларымыздың кейбір түрін ресейге сата бастадық. Сол жылы 180 миллион теңгенің тауарын саттық. Ал өткен жылы 215 миллион теңгеге өнім экспорттадық.

Үкімет басшысы Өскемендегі жаңа ауданға да ат басын бұрды. Мұнда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл 48  тұрғын үй салу жоспарланған.

Әсет Сүлейменов, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

– Өскемендегі ана мен бала орталығы өңірге соңғы он жылда салынған ең ірі медициналық мекеме. Ол биыл ғана пайдалануға берілген еді. Материалдық базасы соңғы үлгідегі цифрлық құрылығылармен жабдықталған. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы заманауи нысанды аралап, мүмкіндіктерімен танысты.  

Ермек Омаров, Ана мен бала орталығының директоры:

– Ең бастысы, біз күрделі медициналық көмек қажет ететін балаларды да, жүкті әйелдерді де Нұр-Сұлтан немесе Алматының ауруханаларына тасымалдамаймыз. Сапалы көмек жергілікті жерде дер кезінде көрсетіледі. Мұндай жағдай Шығыс Қазақстан облысынң барлық аудандында жасалған деуге болады.

Ал Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік-техникалық университетінің мамандары Үкімет басшысына ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық, оның ішінде импортты алмастыруға бағытталған жобаларымен таныстырды.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожа

Хабар 24 телеарнасы