426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жобаларды қолдау кемшін

  • 302
  • UPD: 23:17, 15.05.2020
Ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жобаларды қолдау кемшін

Қазақстанда топырақтың 75% эрозияға ұшыраған. Ауыл шарушылығына жарамды жерлердегі мұнша топырақтың құнарсыздануына бірнеше себеп бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріншіден, егін алқаптарындағы агротехникалық талаптардың дұрыс орындалмауы. Екіншіден, майлы және техникалық дақылдар себуде реттілік сақталмайды және жер тыңайтылмайды. Ал сапалы тыңайтқыштармен топырақты байытуға бөлінетін субсидия жеткіліксіз. Осындай өзекті мәселелер Алматыдағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтында өткен онлайн конференцияда айтылды. Ғалымдар мен шаруа қожалықтарының иелелері арасындағы бейнебайланысты «Ауыл» партиясы ұйымдастырды. Партия өкілдерінің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында ізденетін ғылыми жобалардың өміршеңдігін тәжірибеден көруге болады. Алайда қолдау аз. Сондықтан ғылым жетістіктерін іске асыратын арнайы мекеме құрылуы қажет. Оның басты міндеті ұтымды жобалардың агросектордың дамуына бағытталуына ықпал ету. Осы мақсатта кездесетін бюрократиялық кедергілерді болдырмау,  дейді пария өкілдері.

Абдолла Сапаров, «Ауыл» ХДПП Алматы филиалының төрағасы:

– Мысалы, біздің технологияларымыз Оңтүстік Қазақстанда, Түркістан облысында тұзданған топырақты жерде 34-тен 174 пайызға қосымша өнім берді. Екі есе өнім алуға болатын мүмкіндік берді. Неге оны алмасқа, неге оны дамытпасқа? Соны біз жалғыз өзіміз істей алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы