412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда көлік терезесін тұмшалағандар жауапкершілікке тартылды

  • 177
Атырауда көлік терезесін тұмшалағандар жауапкершілікке тартылды

Атыраулық полицейлер көлік терезесін тұмшалап алғандарды тексеруге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылда жазғы маусым басталысымен көлік иелері темір тұлпарларын осылай жарақтандырады. Ол ережеге қайшы. Өткен үш күнде жол полициясы қызметкерлері осындай 24 автокөлікті анықтап, иелерін жауапкершілккке тартты. Рейдтік шара барысында жол қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланған 11 жүргізуші де жазаға тартылды.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Қараңғылаған көлік терезесі көп жағдайда жол көлік оқиғасына себеп болып жатады. Себебі жүргізуші жан-жағын көре алмайды. Осыған орай Атырау полициясы патрульдік қызметкерлері терезелері белгіленген нормаға сай емес жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартуда.

Хабар 24 телеарнасы