419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан генерал-майор Р.Қайдаровты еске алу бұрышы ашылды

  • 399
Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан генерал-майор Р.Қайдаровты еске алу бұрышы ашылды

Қарағанды облысының Жезқазған қаласында әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алу бұрышы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы Жезқазған қаласында құрметті ардагер 1985-1990 жылдар арасында ішкі істер басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын. Енді осындағы қызметкерлер ардагердің абыроймен қызмет еткен өмір жолын және алған медальдерін осы жерден тамашалап көре алады. Рүстем Қайдаровтың жеке заттарын полиция музейіне туыстары әкелген. Әріптестері оның Қазақстан полициясының қалыптасуына зор үлес қосқанын айтады. Бірқатар ғылыми атағымен қоса, 30-ға жуық мақаланың авторы болған. Еске салсақ, Генералдар кеңесі президиумының төрағасы өткен жылдың соңында Алматы маңында болған ұшақ апатында көз жұмған болатын.

Құрманғали Ысмағұлов, облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Рүстем Қайдаров басшылық еткен жылдары көптеген күрделі қылмыстық істің беті ашылды. Ал оның жұмыстағы тәжірибесі кейінгі қызметкерлерге үлкен үлгі қалдырды. Генералдар кеңесінің төрағасы болып тұрған кезінде ол ішкі істер саласы туралы заң шығару ісіне белсене қатысып, полиция құқығын қорғаған еді.

Хабар 24 телеарнасы