412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жемқорлықтың алдын алу шаралары әлеуметтік желіде көрсетіледі

  • 191
  • UPD: 09:09, 16.05.2020
Алматы облысында жемқорлықтың алдын алу шаралары әлеуметтік желіде көрсетіледі

Алматы облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралардың барлығы енді онлайн форматта көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес жиында айтылған ақпараттар мен көтерілген мәселелерден әлеуметтік желі қолданушылары да хабардар болып отырады. Жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыстық департаменті мемлекеттік мекеме өкілдеріне осындай талап қойып отыр. Өйткені осыған дейінгі басқосулардың тең жартысы құжат жүзінде ғана өткен. Яғни ол кездесулердің ұйымдастырылғанын айғақтайтын қағаздан басқа дәлел жоқ. Осындай олқылық орын алмау үшін сала мамандары талапты күшейтіп отыр.

Аманжол Жазықбаев, Алматы облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі кеңесшісі:

– Қорытынды есеп берген кезде сол шаралардың сілтемесі қоса берілуі керек. Сілтемесі берілмесе, ол шаралар өтпеген болып есептеледі. Ол жемқорлықтың алдын алуға қатысты жүргізіліп жатқан шаралармен халықты куә ету, және соны ұйымдастырып отырған жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы