420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нөсерден зардап шеккен Қазығұрт тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

  • 439
  • UPD: 10:08, 16.05.2020

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында нөсерден зардап шеккен тұрғындар үйлеріне орала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіптің беті қайтып, аулалар толық жауын суынан тазартылды.

Жандос Жұмабек, тілші:

– 13 мамырдағы қатты жауған нөсердің салдарынан Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе, Жігерген ауыл округіне тасқын судан қауіп төніп, тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетілген болатын. Жедел ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде Қазығұрт ауданының Алтынтөбе, Жігерген ауыл округтеріндегі 6 үйдің ауласынан су тарту, арықтарды тазалау жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Көкібел су қоймасының жаңбыр суына толуына орай эвакуацияланған 133 тұрғынның жағдайы тұрақты. Туған-туыстарының үйлеріне жайғасқан оларға аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қажетті азық-түлік пен басқа да керек-жарақтармен қамтылды. Қауіптің сейілуіне байланысты қазір олардың барлығы үйлеріне оралуда. Алайда ауа райын болжау орталығының мамандары демалыс күндері Түркістан, Жамбыл, Алматы облысының таулы аймақтарында жел күшейіп, күн күркірейді. Нөсер жауын жауып, бұршақ және тұман түсетінін ескертуде. Жауын-шашын болжамына байланысты аталған облыстарының таулы аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендердегі судың деңгейі көтерілуі күтілуде. Ал Шымкент қаласында дауыл, найзағай кезіндегі желдің екпіні секундына 15-20 метрге жететінін айтса, Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күтілуде. Сондықтан Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылап жүруге шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларық сақтауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы