411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамин Семейдегі тарихи-мәдени нысандарды жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды

  • 109
  • UPD: 21:41, 16.05.2020
Мамин Семейдегі тарихи-мәдени нысандарды жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Семейде қаланың дамуы және Абайдың 175 жылдығына арналған дайындық жұмыстарын көрді. Шаһардың 2020-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының орындалу барысымен танысты. Бұдан бөлек, Асқар Мамин Абай атындағы алаңды және мәдени нысандарды қайта құрылымдау жұмыстарымен «Қарағайлы» шағын ауданы және көпбейінді мәдени-спорт кешенінің құрылысын көзбен көрді. Ал, Абай ауданында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның дамуын барлап, құрылыс басында болды. Мұнда 300 орындық мектеп салынып жатыр. Үкімет басшысы бұдан соң Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейіне барды. Онда «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенін қалпына келтіру жұмыстарын тексерген Үкімет басшысы хәкімнің мерейтойына жоспарланған Семейдегі және Абай ауданындағы тарихи-мәдени нысандарды жөндеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

 

Хабар 24 телеарнасы