421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елжан Біртанов семейлік дәрігерлерді марапаттады

  • 429
  • UPD: 19:08, 16.05.2020
Елжан Біртанов семейлік дәрігерлерді марапаттады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вируспен күресте жанкештілік көрсетіп, өз қызметтерін мінсіз атқарған семейлік дәрігерлерді марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Саят Әділбеков пен қалалық аурухананың медбикесі Бақытгүл Басшығұловаға берілді. Ал, анестезиолог Сергей Тюрин инфекционист Қарлығаш Малғаждарова және аға медбике Зайда Сүкенова «Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды. Тағы бірқатар дәрігерге мақтау қағазы және алғыс хаттары табысталды. Ерекше сыйлыққа ие болғандардың бірі – Дулат Қарабаев. 10 жылдан бері баспанасыз жүрген анестезиологқа пәтер кілті табыс етілді.

Дулат Қарабаев, Семей ядролық медицина және онкология орталығының анестезиолог-реаниматологы:

- Басында қиын болды, кейін біртіндеп үйрендік костюм кигенге, жүргенге. Бірінші адаптациядан өттік, ары қарай жақсы үйреніп, қалыпты істедік. Отбасымда кішкентай балам бар, әйелімнің аяғы ауыр, пәтер кілтін берді, соған қуаныштымыз, рахмет барлығына! Барлығына денсаулық тілеймін, коронавирус тезірек бітіп, барлығы ашылып, бұрынғыдай жұмыс істеп, солай болсын!

Хабар 24 телеарнасы