405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы 90 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке зәру

  • 130
  • UPD: 00:50, 17.05.2020

Биыл Қостанай облысындағы мектеп пен колледждердің 50%-ке жуығы компьютерлерін жаңартады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан бір жарым миллиард теңге бөлінді.

Жаңа модельді техникалық құралдар оқушыларға заманауи оқу бағдарламаларын меңгеруге, танымдық көзқарастарын кеңейтуге септігін тигізбек. Бұдан бөлек, жыл аяғына дейін облыстағы шалғай ауылдардың барлық білім ордаларына кең жолақты интернет жеткізіледі.

Мичурин ауылының орта мектебінде биыл қос мереке. Білім ошағы алдағы оқу жылын жаңартылған кейпінде қарсы алғалы тұр. Ғимаратта көптен күткен жөндеу жұмыстары басталды. Оған қоса, материалдық база да жаңғыртылып отыр. Оқу ордасы қуатты 30 дана компьютермен жабдықталды.

Айнаш Даданова, Мичурин орта мектебінің директоры:

- Осы жаңа компьютерлер арқылы балалар өз бағдарламаларын жасап, сол арқылы дами бастайды.

Жаңа модельді компьютерлерге, әсіресе, ұстаздар қауымы дән риза. Гүлнәр Молдажанованың осы мектепте еңбек етіп жатқанына 8 жылдан асты. Бұдан былай оқу процесінде еш қиындықтар туындамайтынына сенімді.

Гүлнәр Молдажанова, информатика пәнінің мұғалімі:

- Біздің міндетті түрде пайдаланытын сайттарымыз Kundelik.kz өте көп уақыт алатын. Өйткені ескі компьютерлердің сондай қиындықтары болды. Қазір жаңа компьютерлерде Kundelik.kz сайты, сонымен қатар Bilimland сайтына уақытты үнемдеп, тез кіре аламыз.

Облыс мектептері үшін алты мыңдай компьютер сатып алынды. Осылайша, кеңсе техникаларының жетіспеушілігі былтырға қарағанда екі есе жойылды.

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

- Соның ішінде мынау көп мегабитті 4 мегабиттен жоғары жылдамдық болу керек. Шалғай мына алыс орналасқан елді мекендер, аудандар бар. Соларға біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде басқа бағдарламалар бойынша жүргізіп жатырмыз жұмысты.

Қазір облыстағы 90 елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке зәру. Оларды жыл соңына дейін ғаламтор желісіне қосылады.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы