426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде балабақша жұмысы кейінге шегерілді

  • 295
  • UPD: 23:04, 16.05.2020
Ақтөбеде балабақша жұмысы кейінге шегерілді diapazon.kz

Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп, балабақша жұмысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері «Ақтөбе облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша әрі қарай жүргізілетін шектеу шаралары және Ақтөбе қаласындағы карантин режимі туралы» жаңа қаулы шығарды.

Құжатта блокпосттардағы санитарлық-карантиндік бақылау жұмысын күшейту тапсырылды. Басқа өңірлерден келетін адамдарды, оның ішінде Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының тұрғындарын ПТР әдісімен тестілеу арқылы өткізу үшін 2 тәулік карантиндік стационарда оқшаулау қажет. Кейін 14 күн үй карантинінде бақылауды жалғастырады.

Ал, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар ауысым сайын ПТР тапсыруы тиіс. Әрі барлығы Ақтөбе облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бақылауында болады.

«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ қонақ шақырып, садақа жасауға, діни нысандарға баруға тыйым салынады. Қалада вирус жұқтырғандар саны 7% өсті. Сондықтан қала әкімдігі азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарларын, ауданы 2 мың шаршы метр болатын азық-түлік емес дүкендерді, спорт объектілерін, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да объектілерді, мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтарды, вокзалдарды ашу, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуді кейінге шегеруі тиіс. Жазғы сауықтыру лагерлері, фитнес клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейн, аквапарк, бильярд, боулинг орталықтары, компьютерлік интернет-клубтар, ойын залдары, букмекерлік кеңселер, лото ашылмайды. Адамдар да аса қажет болмаса үйден шықпаған жөн. Көпшілік орында маска кию міндеттеледі», - деп хабарлады Ақтөбе облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы