419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы лагерьлер маусым айында балаларды қабылдайды

  • 666
  • UPD: 08:07, 17.05.2020
Жамбыл облысындағы лагерьлер маусым айында балаларды қабылдайды

Жамбыл облысында 8 жарым мыңдай баланың лагерьде тынығуына мүмкіндік жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға жергілікті қазынадан 363 миллион теңге жұмсалмақ. Пандемияға байланысты аймақ бойынша 11 сауықтыру лагері ғана жұмыс істейтін болады. Оның төртеуі мемлекеттік, қалғаны жеке. Тынығу нысандары маусым айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бірақ нақты қай күні екенін сала мамандары дөп басып айта алмай отыр. Қаладан тыс орналасқан демалыс кешендері  9 бен 16 жас аралығындағы өрендерді қабылдауға дайын. Алдымен тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан  шыққан балалар мен білім олимпиадасының жүлдегерлері қамтылады. Лагерьлердегі санитарлық талаптардың сақталуы ұдайы қадағаланады.

Талғат Жамалов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Ультракүлгін лампалар, балалардың температурасын азанда-кешке күніне 2 рет өлшеу. 5 реттен кем емес ылғалды жуу, тазалау. Сонымен қатар лагерьлерге бөгде адамдардың кіруіне шектеу қойылатын болады. Тек қана сол лагерьдегі қызметкер және балалардың болуын қамтамасыз етеміз.

Хабар 24 телеарнасы