424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында сәбилер қауіпті кеселден жазылды

  • 609
Алматы облысында сәбилер қауіпті кеселден жазылды gazeta13.ru

Алматы облысында тағы 15 адам коронавирустан айықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар: Қарасай, Іле, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласының тұрғындары. Індеттен жазылып шыққандардың арасында бір жастағы екі сәби бар.

«1958, 1959, 1961, 1962, 1963, 1964, 1968, 1977, 1982, 1983, 1988, 1991, 1997 жылғы азаматтар мен 2019 жылы туған 2 сәби Шелек аудандық ауруханасы мен Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 30 сәуірден бастап ем қабылдаған. Қазір барлығының жағдайы жақсы, шағым жоқ», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы облысында 201 адам індет жұқтырған. Оның ішінде 126 адам кеселді еңсерді.

Хабар 24 телеарнасы