412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында лагерь жолдамасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына тегін беріледі

  • 185
  • UPD: 22:04, 17.05.2020
Қостанай облысында лагерь жолдамасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына тегін беріледі

Биыл Қостанай облысында балаларға арналған 12 лагерь жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларда жаз бойы 12 мыңға жуық балғын бой жазып, тынығып қайтады.

Лагерь жолдамасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына тегін беріледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 74 миллион тенге бөлінген. Мектеп жанынан лагерь, алаң, орталық, клубтар ашу да жоспарланып отыр. Жалпы балалардың жазғы демалысына түрлі қаржы көздерінен 302 миллион теңге жұмсалады.

Василий Цымбалюк, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Әрине, әлеуметтік қашықтық ескерілетін болады. Бұл ретте әсіресе жекеменшік лагерлер жіті бақылауға алынады. Жалпы барлық демалыс-сауықтыру орындарында, оның ішінде осы маусымның 1-нен ашылатын жетім балаларға, интернат тәрбиеленушілеріне арналған лагерлерде карантиндік шаралар қатаң сақталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы