430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Петропавлда алты саябақ пайда болады

  • 691
  • UPD: 09:49, 18.05.2020

Жергілікті билік өкілдері олардың дизайнына ерекше мән беріп, жобалаушы мамандарды жалдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс орындары заманауи үлгіде салынады. Облыс орталығын тағы қандай өзгерістер күтіп тұр?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл – Петропавлдағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Береке» ықшам ауданы. Мұнда тұрғын үйлер мен мектептер тұрғызылды. Жолдар жөнделді. Биыл аурухананың құрылысы басталды. Енді абаттандырылмақ. 380 млн теңгеге саябақ салынады. Ол үшін жобалаушылар тартылған.

Қуаныш Бралин, жобалаушы компания директорының орынбасары:

- Бұл саябақ 7 секторға бөлінген. Атап айтсақ: жүгіру жолағы, кітап оқып демалатын орын, серуендейтін аймақ. Ашық аспан астында амфитеатр болады. Субұрқақ салынады.

Биыл Петропавлда 6 саябақ салынады. 70-тен астам тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балалар алаңқайлары тұрғызылады. Жүргізушілерге де жағымды жаңалық. Облыс орталығында тегін 10 автотұрақ пайда болады.

Бахыт Ілиясов, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Автотұрақ жиектастармен қоршалады. Жол белгілері салынады. Сонымен қатар жақын маңдағы тұрғын үйлерге бейнекамералар орнатылады. Бұл жерлер жылдар бойы жай жатқан. Сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарып алдық. Жұмыс жалғасады.

Көгалдандыруға да көп көңіл бөлінеді. Биыл қаладағы 24 көше жасыл желекке көмкеріліп, алма, терек, қайың, шырша ағаштары отырғызылады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы