423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда әкімдігі қонақ үйлердің дайындығын тексерді

  • 303
  • UPD: 11:02, 18.05.2020
Елорда әкімдігі қонақ үйлердің дайындығын тексерді

Қалалық әкімдік қызметкерлері қонақ үйлердің келушілерді қабылдауға дайындығын анықтау үшін инспекция өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Қала әкімі әуе қатынасының ашылуына байланысты қонақ үйлердің дайындығы туралы мәселе көтерді. Бүгін мұнда санитарлық қорғау шаралары қабылданғанына көз жеткіздік», – деді инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

«Бүгін қонақ үйлерді аралап көрдім. Келушілерді қабылдауға дайын екеніне көз жеткіздік – барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылған. Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Хабар 24 телеарнасы