399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтааралға Батыс Қазақстан облысынан көмек жеткізілді

  • 138
  • UPD: 15:28, 18.05.2020
Мақтааралға Батыс Қазақстан облысынан көмек жеткізілді

Мақтааралдағы топан судан зардап шеккен тұрғындарға Батыс Қазақстан облысынан 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді. Қайырымдылық керуенін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырып, жергілікті кәсіпкерлерді жұмылдырды, хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы құны 10 млн теңгелік жүк Атакенттегі орталық қоймаға жеткізілді. Ақжайықтың жағалауынан келген азаматтар тұрғындардың сұранысына сәйкес, азық-түлікпен қатар өзге де қажетті заттарды ала келген. Оның ішінде 1 тонна ұн, 1500 литр өсімдік майы, 2000 дана консервіленген тағам бар. Оған қоса 1 мың дана шелек пен кір жуғыш ыдыстар, 300 төсеніш пен жылы жамылғы да жеткізілген. Мақтааралдық жұртшылыққа сондай-ақ «Талап» АҚ антисептиктері мен гигиеналық заттары, жөргектер де тапсырылды.

Бұл заттарды жинақтауға сол өңірдегі облыстық мәслихат депутаттары Нұрғазы Сәтбаев пен Мұрат Жәкібаев, Валерий Голоухов пен Валерий Крылов және «Кублей» ЖШС ұжымы мен меценаттар атсалысқан. Батыстағы ағайынның ыстық ықыласын ала келген азаматтар мақтааралдықтарға әрі қарай көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Хабар 24 телеарнасы