412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 50% астамы жазылып шықты

  • 144
  • UPD: 08:40, 17.06.2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 50% астамы жазылып шықты

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 6 440 жағдайы тіркелді. 3 256 адам немесе 50 пайыздан астам жазылып, үйлеріне шығарылды. 3 150 пациент ем алып жатыр. Өткен тәулікте елімізде жаңадан 283 жағдай тіркеліп, өсім 4,6 пайыз болды. Бұл -айқындалған өсім аясында деген сөз. Олардың негізгі бөлігі - 187 оқиға скрининг арқылы, белсенді іздестіру барысында анықталды», - деді ол «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» бағдарламасы барысында. Оның дерегінше, 283 адамның 69-ы коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болғандар. 18 жағдайда вирус - ЖРВИ, тұмау белгілерімен жедел жәрдемге хабарласқаннан кейін анықталған.

«Ақтөбе мен Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Апта ішіндегі ахуалды алып қарасақ, 11 мамырдан 17 мамырға дейін 1 350 науқас тіркелді. Өсім қарқыны 2-ден 5 пайызға дейінгі аралықта ауытқып тұрады. Олардың 80 пайызы алдын алу скринингі барысында анықталған», - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Хабар 24 телеарнасы