420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жұмыс істеуге рұқсат берілген тамақтану орындарына қандай талап қойылады?

  • 498
  • UPD: 19:47, 18.05.2020

Елордада мейрамханалар қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннен бастап келушілерге қызмет көрсетіп жатыр. Бірақ оларға бірқатар талап қойылған. Егер сол ережені елемесе, есіктеріне қайта құлып салынады.

Барлығы бәз қалпы. Өзгерген жоқ. Келушілер де бар, тапсырыс қабылдап жатқан даяшылар да жүр. Тек сақтық шараларын мұқият ұстанатын болған. Маска тағып, қолғап киеді. Бұл – міндетті.

Елордада мыңнан аса осындай орын бар. Санитарлық талапқа сай келгені бүгіннен бастап келушілерге қызмет көрсетуге кірісті. Бірақ 30 адамнан артық қабылдай алмайды. Арасы 2 метрден кем болмауы керек. Ішін ұдайы тазалап тұрады. Кіре беріске антисептик орнатады. Осының барлығын   мобильді топ өкілдері бақылайды.

Азамат Рашитов, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы:

– Бүгінгі таңда әр ауданда мобильді топтар құрылған. Оған полиция өкілдері, аудан әкімдіктері, СЭС өкілдері кіреді. Олар мониторинг жасайды. Карантин бізде аяқталған жоқ. Ол әлі жалғасуда. Сол себептен барлық талап сақталуы керек.

Қоғамдық тамақтану орындары күнделікті тексеріледі. Егер талапқа сай келмейтіні анықталса, бірден жабылады. Мамандар барлығын алдын ала ескерттік деп отыр.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Аят Дүйсембаев

Хабар 24 телеарнасы