432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан тұрғындары Батырхан Шөкеновтің «Отан Ана» әнін бірге шырқады

  • 379
  • UPD: 19:44, 18.05.2020

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, даңқты композитор, әнші Батырхан Шөкеновтің туған күні, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тірі болса 58 жасқа толар еді. «Хабар» агенттігі қоңыр үнімен талай жүректі тербеткен өнерпаздың мұрасын ерекше форматта насихаттамақ. Тап қазір еліміз бен бірқатар көрші мемлекетте «Батырдың әнін бірге шырқайық» деп аталатын флешмоб басталады.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

– Біз «Қазақстан» орталық концерт залындамыз. Мұнда карантинге байланысты адам аз. Дегенмен мына жиналған қауым Батырхан Шөкеновтің тыңдармандары, іздеушілері. Әрқайсының жүрегінен Батырхан ағамыз ерекше орын алады. «Хабар» агенттігі бас болып, ұйымдастырылған бұл флешмобқа әнші-композитордың фанаттары онлайн да қатысып жатыр. Батырдың әндерін бірге шырқаймыз, дейді олар. Ендеше, «Отан Ана» әнін тыңдайық.

Хабар 24 телеарнасы