405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Батырхан Шөкеновтің туған күніне орай флешмоб ұйымдастырылды

  • 150
  • UPD: 19:45, 18.05.2020

Игі іс-шарадан алматылықтар да шет қалған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы жұрт Батырхан Шөкеновтің «А-Студия» тобымен бірге шырқаған «Джулия» әнін орындайды.

Ұлан Нарынбек, тілші:  

– Қайырлы кеш! Біз қазір Алматыдағы Республика сарайының алдында тұрмыз. Мұндағы үлкен монитордан Батырхан Шөкеновтің «Джулия» әнін тыңдармандардың бірігіп айтқан клипі беріліп жатыр. Бұл туынды әншінің репертуарындағы қазақстандықтар сүйіп тыңдайтын әннің бірі. Сондықтан осы әнді айтып, бейнероликті ұйымдастырушыларға жолдағандардың саны көп болыпты. Өнер ордасының алдындағы алаңға оншақты адам жиналған. Әттең карантин кедергі келтіріп тұр. Әйтпесе, Республика сарайы алдындағы флешмобқа Батырдың мыңдаған тыңдарманы келетініне еш шүбә жоқ еді. Бұл әнді алматылықтармен бірге дәл қазір Бішкекте, қырғызстандықтар да орындауда. Атақты «Джулия» хиты 1989 жылы жазылған. Сөзін Владимир Миклошич, әнін Байғали Серкебаев жазған. Бұл ән «А-Студия» тобының үлкен сахнаға шығуына жол ашты. Батырхан Шөкеновтің орындаған әндерінің барлығы тыңдармандарының жадында. Оның жүректен шыққан сыршыл әндерін бірнеше буын естіп өсті.

Хабар 24 телеарнасы