405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Шөкеновтің әні туған жерінде шырқалды

  • 196
  • UPD: 20:09, 18.05.2020

«Қайран көңіл-ай!» Батырхан Шөкеновтың дәл осы әні оның кіндік қаны тамған өлкесі Қызылордада шырқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Қазақстан мен Ресей мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан әнші-композиторды ұлықтауға жиналған сырбойылықтар өте көп

Қамбар Бекенов, тілші:

– Кеш жарық, Бауыржан. Дәл қазір «Қайран көңіл-ай» әні айтылып жатыр. Ұлы музыканттың элитарлық шығармашылығы мен бейнесін жаңғыртуға Батырханның өнерін сүйетін мыңдаған адам жиылары сөзсіз еді. Шектеу шараларына байланысты жергілікті өнерпаздар, туыстары мен қала тұрғындарынан құралған 30 адамдық топ ән шырқап тұр. Жалпы, біз тұрған Батырхан Шөкенов атындағы саябақта оның өлеңдері үздіксіз қосылып тұрады. Өнер ұжымдары ұзындығы 2 жарым метрлік қоладан құйылған Батырдың мүсіні маңайына жиналып, эстрадалық симфониялық оркестрлермен бэнд, джаз-бэнд стиліндегі әндерін жанды дауыста жиі орындайды. Бүгін де саябақта ерекше энергетика, ерекше аура салтанат құрып тұр. Ендеше бірге шырқайық.

Хабар 24 телеарнасы