418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық шаруалар өнімін арзан сатуға мәжбүр

  • 277
  • UPD: 21:40, 18.05.2020
Түркістандық шаруалар өнімін арзан сатуға мәжбүр

Түркістандық шаруалар орамжапырақ экспорттауды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастапқы 200 тонна өнім Беларусь еліне жөнелтілді. Таяу күндері тағы 300 тоннасы жіберіледі. Айта кетерлігі, аймақта 300 мың тонна өнім жиналғанмен, соның тең жартысы өзіндік құннан төмен бағаға сатылған. Былтыр бақша дақылының әр келісі 90-120 теңге аралығында болса, биыл бұл 15-20 теңгеден аспай тұр.  

Әлібек Плалов , облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– 131  тоннасы сатылды. Оның 41 мың тоннасы  көршілес Ресей, Беларусь, Қырғызстан елдеріне экспортталды. Карантинге қатысты ешқандай шектеу жоқ. Блок-посттардан температурасын өлшеп ешқандай кедерігісіз өтіп жатыр. Біз өкімет резервінен төмен несиелендіру мақсатында 1,6 миллиард қаржы сұраттық. Қазіргі таңда бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бөлінген жағдайда 0,0 пайызбен капуста еккен тауарөндірушілерді несиелендіреміз.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы