418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жағажайлардың көбі шомылу маусымына дайын емес

  • 201
  • UPD: 07:53, 19.05.2020
Еліміздегі жағажайлардың көбі шомылу маусымына дайын емес

Маусымның бірінен бастап суға шомылуға рұқсат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ оған дейін барлық жағажай талапқа сай жабдықталуы керек. Судан құтқару стансалары техникалық тұрғыда дайын, ал құтқарушылар мен сүңгуірлер сол маңда болуы шарт. Сондықтан өңірлердегі төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жағажайлардың дайындығын тексеруге кірісті. Мәселен, шығыстағы өзен-көлдер мен су қоймаларының жағасында 370 шомылатын орын бар. Ал оның 60-тан астамына мүлде суға түсуге болмайды. Ол жағажайларға арнайы белгілер қойылып, тіпті қоршалуы тиіс. Бірақ сол аумақты жалға алған немесе иелік ететін кәсіпкерлер бұл жұмыстарды әлі атқармай келеді. Осының кесірінен өткен жылы 39 адам суға батып, қайтыс болса, биыл 9 тұрғын көз жұмған. Ал соңғы бірнеше тәулікте шығыста күн райы күйіп тұр. Өскемендіктердің көбі жағажайларды жағалап жүр. Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері суға шомылатын аумақтардың дайындығына көз жеткізді.

Дмитрий Титов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Жағажайларда орналасқан демалыс нысандары үшін ең негізгі, ең басты мәселе – құтқару бекетінің болуы. Былтыр біздің облыста 10 құқару нысаны болды. Биыл да осы жұмысты жалғастыруымыз керек. Құтқару бекетінсіз жұмыс істеу қиын болады.

Хабар 24 телеарнасы