426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылады

  • 348
  • UPD: 12:28, 19.05.2020
Ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылады

Ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шаралары аясында форвардтық келісімшарттарды енгізу, ҚазАгро кредиттері бойынша мерзімін ұзарту және рестуктуризациялау жолымен қаржыландыру тетіктерін кеңейту жоспарлануда.

«Мұнан басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылатын болады. Субсидияланатын шикізат санатын кеңейту жоспарланып отыр. Пилоттық режимде «егістіктен сөреге дейін» қаржыландыру тетігі енгізіледі. Бұл аграрлық өнімді тұрақты сатып алу және өткізу жүйесі», - деді Руслан Дәленов.

Хабар 24 телеарнасы