418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында ХҚКО жаңа форматта жұмысын бастады

  • 210
Қызылорда облысында ХҚКО жаңа форматта жұмысын бастады

Қызылорда облысы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар тек электронды форматта қолжетімсіз қызметтер мен egov.kz порталында онлайн түрде рәсімделген дайын құжаттарды алып кетуге ғана келе алады. Оның өзінде 1414 байланыс желісі, сайт сервисі және TelegramBot қосымшасы арқылы алдын-ала жазылуы қажет. Зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдетілген сектор жасақталған. Вирустың таралу қаупін болдырмау мақсатында орталық күніне 2 рет дезинфекцияланады. Қызметкерлердің барлығы қорғану құралдарымен қамтылған. Жұмыс кестесінің қысқаруы тек қаладағы орталықтарға қатысты. Келушілердің аз болуына байланысты аудандық бөлімдер штаттық режимде жұмыс істей береді. Тұрғындарға кеңес беретін 1414 Call орталығының жұмысы мен бейнеқоңырау арқылы азаматтарды мобильді базаға тіркеу жалғасады.

Айдын Қайруллаев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыс бойынша филиал директоры:

– Халықтың егер компьютері, интернет мүмкіндіктері болмаса, әкімдіктердің көмегімен қаланың бірқатар жерінде арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында халықтың электронды қызметтер алуына жағдай жасалған.

Хабар 24 телеарнасы